Бүгінгі француз киносы

12 сәуір Алматыда «Бүгінгі француз киносы» кинофестивалі басталады. Фестивальдің ашылуы мен жабылуы, сонымен қатар негізгі көрсетілімдер UniFrance агенттігі мен оның әріптестері – Қазақстандағы Франция елшілігі және «Алматы француз альянсы» мәдени-білім беру орталығы ұйымдастырған фестивальдің басты алаңы – әдеттегідей «Арман» киноорталығында өтеді.

– Осымен тоғызыншы рет осы фестивальді өткізгелі отырмыз. Бұл біреу үшін көп, біреу үшін аз уақыт болуы мүмкін, алайда осы уақыт ішінде өз ісінің кәнігі шеберлерімен жұмыс жасап, баға жетпес тәжірибе жинақтағанымыз, түпсіз терең кино сияқты әлемде бағытымызды айқындап, бұрынғыша парасатты, ой ойлайтын көрерменге кино көрсетуді үйреніп келе жатқанымыз анық, - дейді «Арман» киноорталығының директоры Бауыржан Шүкенов. Бұл жолы да біз бағдарламамызды барынша қызықты, өзекті әрі эксклюзивті етуге тырыстық. «Такси 5» фильмінің әлемдік тұсаукесері (ТМД елдері мен Ресейдегі прокаттан бір апта бұрын),  Абделатиф Кешиштің «Мектуб, менің махаббатым» фильмінің эксклюзивті көрсетілімі, Оскар сыйлығының бірнеше мәрте иегері Клод Лелуштың «Махаббаттың 12 әуені», ең жаңа қысқаметражды фильмдер бағдарламасы және француз киносының қайталанбас жұлдыздары түскен басқа да туындылар!

Бізге фильмдерді түсіруші француз кинематографистері ағылады. Әрбір көрсетілімнен кейін фестиваль қонақтарымен шағын пікірталастар өтеді.

Билеттерді қазірден бастап https://arman3d.kz сайтында сатып алуға болады.

 Фестивальдің бағдарламасы

«Такси 5» (боевик, комедия).
Режиссер: Франк Гастамбид. Рөлдерде: Франк Гастамбид, Малик Бентала, Бернар Фарси. 

«Таңғажайып» (комедия).

Режиссер: Мишель Ларок. Рөлдерде: Мишель Ларок, Кад Мерад, Франсуаза Фабиан, Росси де Пальма. 

«Миссис Хайд» (комедия).

Режиссер: Серж Бозон. Рөлдерде: Изабель Юппер, Ромен Дюрис, Жозе Гарсия.

«Мектуб, менің махаббатым» (драма).

Режиссер: Абделатиф Кешиш. Рөлдерде: Мен Бумедьен, Лу Лютьо, Салим Кешиуш, Хафсия Эрзи.

«Менің бұрынғы құрбым» (комедия). 

Режиссер: Виктор Сейнт Макари. Рөлдерде: Уильям Лебгиль, Марго Брансийон, Камий Роза, Жонатан Коэн.

«Махаббаттың 12 әуені» (мелодрама).

Режиссер: Клод Лелуш. Рөлдерде: Жан Дюжарден, Джонни Холлидей, Матильд Сенье, Эльза Зильберштейн.

Добавить комментарий

  • Кликните по изображению, если не можете прочитать символы.

    Кликните по изображению, если не можете прочитать символы.